Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында тұрғындардың 80 миллион теңгесін алып қойған қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Құзырлы органдар жедел іздестіру жұмыстары кезінде «Не работа» атты ұйымдасқан топты әшкерелеген. Олардың 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметке деп бөлінген ақшаны жеке тұлғалардың атына аударғаны белгілі болды.
«Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 миллион теңге. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.