Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелестен екі адам қаза тапты

03.01.2024 23:57

Заң бұзған адам жауапқа тартылды

elements.envato.com

Ақтөбеде топтық төбелес болды. Екі жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қайғылы жағдай Қызылжар ауылында болған. Кәмелетке толмаған балалар арасында өзара жанжал туып, олар аймақтағы дүкен маңына жиналған. Сағат 23:00-де топтық төбелес кезінде жасөспірімдер бір-біріне пышақ ала жүгірген. Кесірінен екі бозбала ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақаттанған екеуі де аурухана төсегінде есін жимай, көз жұмды. Құзырлы орган өкілдері қазір бұл іске қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады.

– Оқиға орнына полиция басқармасының жедел тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы шықты. Бұл дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1-9-14-тармақтары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауында, – деді облыстық прокурордың көмекшісі Жандарбек Спан.

Оқи отырыңыз: Өскемен тұрғынының көлігі Ертіс өзеніне ағып кетті