Ол туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды
Бірден үш өңірде браконьерлер мен ақбөкен мүйіздерін сатушылар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Нұр-Сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумақтық полиция департаменттері арнайы операция жүргізу барысында бір уақытта 11 адамды қолға түсірген. Олардан мыңнан астам ақбөкен мүйіздері тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрайды. Қылмыскерлердің басқа серіктестерін, сондай-ақ мүйіздерді сату арналарын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары одан әрі жүргізіліп жатыр.