Қарағандыда қаржы пирамидасының жолы кесілді

20.06.2022 в 19:37

Күдікті азаматтарды 150 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ақша салуға үгіттеген

Қарағандыда қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті арам ойын іске асыру үшін ватсаптан топ ашып, азаматтарды 150 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ақша салуға үгіттеген. Салымдар мобилді банкинг арқылы қабылданыпты. Қазір заң бұзған азаматшаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Қылмыстық схема қатысушылардың екі бағыт бойынша қаражатын тартудан тұрды. Біріншісі - жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі - «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген 3 позицияға азаматтардан инвестиция тарту», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.