Үш жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді
Атырау облысы Құлсары қаласында болған төбелестің арты қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аtpress.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 19 қаңтарда түнгі 3:05 шамасында Құлсары қаласында топтық төбелес болған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қатысы барлар полиция бөліміне жеткізілген.
-Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 2000 және 2007 жылы туған күдіктілер қамауға алынды. Қазір соталды тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп жазылған басылым мәліметінде.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында танысын пышақтап өлтірген адам 13 жылға сотталды