Түркістан облысында есірткінің ірі партиясы анықталды - ҰҚК

23.07.2022 19:38

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында есірткінің ірі партиясы анықталды - ҰҚК
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК есірткінің ірі партиясын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы "Жібек Жолы" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жуық есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша "героин").

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.