Ақмола облысында мал ұрлап жүрген екі азамат сотталды

02.04.2024 в 19:39

Бұл адамдардың заңсыз әрекетінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының тұрғыны зардап шекті

Ақмола облысында біраз уақыттан бері мал ұрлап жүрген екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл адамдар бірнеше ай бойы облыс аумағында болып, күндіз жайылымда малды бақылап, түнде қораларға, қашаларға кіріп, малды ұрлап жүргені анықталды. Бұл адамдардың заңсыз әрекетінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті.

Аудандық сот бұл тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар ол екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған "УАЗ" маркалы автокөлігі тәркіленді.  

Оқи отырыңыз: Қарғын су: тараздықтар гуманитарлық көмек жинап жатыр