Барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізіледі
Еліміздің қаржы мониторинг агенттігі мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемалары анықтап жатыр. Осыған сәйкес, агенттік барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізуді қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсаты – жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу. Агенттік өкілдерінің ақпарынша, бүгінге дейін егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель қайта сатылып келген. Яғни, жалған жүк жөнелтілім құжатын қолданып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактісі анықталыпты.
«ҚМА Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында мұнай өнімдерін шетелген экспорттаудың көленкелі схемасын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Кейбір жағдайда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.