Талдықорғанда «Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

16.08.2024 19:39

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Almaty.tv

Талдықорғанда «Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол футболшының еңбек шартына бонус тағайындауды желеу қылып, 5,5 млн теңге бюджет қаржысын иемденген. Қалалық соттың үкімімен футбол клубының спорт директорына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

– Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10 мыңнан астам вейп тәркіленді