Талдықорғанда есірткі сатқан ер адам ұсталды

08.09.2022 19:39

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Талдықорғанда есірткі саудалаған ер адам ұсталды. Күдікті мефедронның бірнеше дозасын өткізу кезінде қолға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тінту барысында одан синтетикалық заттың тағы 5 пакеті табылған. Анықталғандай, 49 жастағы азамат 2016 жылы жауапқа тартылыпты. Есірткі саудалап, құқық бұзушылықпен айналысқаны үшін жазасын түзеу мекемесінде өтеген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.