Ақтөбе облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған топ анықталды

22.09.2023 19:40

Құмар ойынға ақша салғандардың саны 800-ден асады

Фото: ultrapoker.net

Ақтөбеде заңсыз интернет казино ұйымдастырғандар халықтан 490 млн теңге жинаған. Қаржы мониторингі агенттігінің таратқан ақпарына сай, құмар ойынға ақша салғандардың саны 800-ден асады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 3 адам ұсталған. Олар тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин, пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставка қабылдаған. Тінту кезінде заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақша тәркіленген. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

– Алдын ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңгені құрады. Ойыншылар саны 800 адамнан асады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактісі тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі баланы азаптап өлтірді