Мұнайлы ауданында такси жүргізушісін пышақтап кетті

24.05.2024 22:59

Полицейлердің айтуынша, жолаушы жігіт мас күйде болған

Almaty TV

Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы ауданында такси жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аймақ полициясы растағандай, көлік ішінде туған жанжалдан жүргізуші мен жолаушы бір-бірін пышақтауға дейін барған. Аяусыз жарақат алған 45 жастағы көлік иесі облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалған. Бірақ жансақтау бөліміне ауыстырылған азаматты өлімнен арашалау мүмкін болмады. Полицейлердің айтуынша, жолаушы жігіт мас күйде болған. Ол да пышақ жарақатымен үйіне кеткен.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел ұсталды. Күдіктінің өзі жарақат алғандықтан ауруханада жатыр. Тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды