Алматыда көшедегі қарияны соққыға жыққан ер адам ұсталды

07.02.2022 22:46

Ер адамның әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

Иллюстративное фото из открытых источников

Алматыда көшеде тұрған қарияға тап беріп, соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны қартты көлігіне зақым келтіргені үшін жазалағысы келгенін айтып ақталған. Сондай-ақ ол бұл жағдай Алматы облысы аумағында болғанын жеткізіпті.

Дерек бойынша 293-бап бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Қалалық полиция департаменті аумақтық қағидатты ескеріп, істің материалдарын облыстағы Қарасай аудандық полиция басқармасына жіберген.

Айта кетсек, автобус күтіп тұрған қартты көлігінен түсіп, таяғымен тоқпақтай жөнелген ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде тарап, жұрттың ашуын келтірген.