Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін-өзі атып мерт болды

31.05.2021 19:46

Тергеу және қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Фото: ibirzha.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы 3477 әскери бөлімінің сарбазы өзін-өзі атып мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ақпаратты Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады. Қолбасшылықтың мәлімдеуінше, 29 мамырда қатардағы Ілияс Айдосов келісім-шартпен әскери қызметін өтеп жүрген кезінде өзіндегі қарумен басына оқ атқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу және қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр.