Жұмбақ өлім: Ақтөбеде көз жұмған жеткіншектің өліміне қатысты тың мәлімет белгілі болды

16.04.2024 00:35

Ата-анасының айтуынша, спорт мектебінде оқушыларға әлімжеттік жасалады

Сгенерировано ИИ

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиадалық резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде көз жұмған 8-сынып оқушысының өліміне қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есте болса, жеткіншек осыдан 4 күн бұрын оқу ордасының жатақханасында есінен танып, ауруханаға бара жатқан жолда мерт болған. Кеше жасөспірімді жақындары жер қойнына тапсырды. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға білім беру мекемесінің қызметкерлерін айыптап отыр. Олардың айтуынша, спорт мектебінде оқушыларға әлімжеттік жасалады. Жеткіншектің әкесі 9-сынып оқушысының баласын қалай соққыға жыққаны бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтты. Қайғылы жағдайдан кейін жергілікті полиция үш бірдей қылмыстық іс қозғаған.

– Күдікті ретінде осы мектептің 2 тәрбиеленушісі тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда, – деді Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз: Жұмбақ өлім: Ақтөбеде көз жұмған жеткіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды