Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Өскеменде қонақ үйде есірткі ораумен айналысқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
Қараша айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ертіс полиция бөлімінің КПБ және ШҚО ПД КҚО-мен бірлесіп, облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінің бөлмесінде интернет-дүкеннің есірткі ораушысы ұсталған.
Оның сөмкесінде ұнтақ пен түйіршік түріндегі затпен скотч-лентамен оралған байлам табылып, тәркіленді. Кейін алынған байлам салмағы шамамен 500 грамм “Альфа-PVP” психотропты заты болғаны анықталды.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.