Петропавлда гайка ұрлаған жас жігіт екі жылға сотталды

28.10.2022 19:47

Жас жігіт 30 сомынды ұрлап кеткен

turkystan.kz

Петропавл қаласында жас жігіт газ құбырларына орнатылған керме сомындарды (гайка) ұрлап, металл қабылдау орнына тапсырып жіберген. Осы қылмысы үшін екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Биыл тамыз айында қаланың кейбір аудандарында газдың исі қатты шыға бастаған. Тұрғындардың зәресі ұшып, арнайы қызметтерді шақырған. "Горгаз-сервис" ЖШС мамандары үйге көгілдір отын жеткізетін газ құбырларынан керме сомындардың жоғалғанын анықтады.

Қоладан жасалған әрбір сомынның бағасы 11 мың теңгеден басталады.

"Ұрлық қаланың орталығында, атап айтқанда, Береке мен Жас Өркен шағынаудандарында жасалған. Фирма өкілдері полицияға арыз түсірді. Ал жедел іздестіру шаралары барысында қала маңында тұратын 26 жастағы ер адам анықталды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - дейді тәртіп сақшылары.

Ұрланған сомындардың бір бөлігі металл қабылдау орнынан табылды. Күдіктінің айтуынша, барлық сомынды қолмен бұрап алған.

Жас жігіт 30 сомынды ұрлап кеткен. Газ жеткізуге жауапты кәсіпорын сотқа түсірген арызда 896 мың теңгеге шығын келгенін мәлімдеді.

Сот шешімімен жас жігіт 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.