Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аталған іске қатысты күдікті қолға түсті
Жайық өзенінен зорлық-зомбылық белгілері бар азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жергілікті полицияның мәліметінше, марқұм 23 қарашада хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аталған іске қатысты күдікті қолға түсті. Ол өз қылмысын мойындады.
«Осы іске күдікті ретінде Бәйтерек ауданы Январцево ауылының тұрғыны С. есімді азаматты анықталып, ұсталды.Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 128-бабы бойынша қамауға алынды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.