Петропавлда мас ер адам төлем терминалын бұзбақ болған

29.10.2021 20:52

Тәртіп сақшылары 27 жастағы тонаушыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді

Almaty.tv

Петропавлда түн жамылған белгісіз біреу төлем терминалын бұзбақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның Интернациональные және Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан құрылғыны қиратып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қылмысты көрген куәлер де бар екен.

Оқиға орнына шұғыл жеткен ізкесушілер 27 жастағы тонаушыны ұстап, полицияға жеткізді. Ұсталған адам бұрын сотты болған, Екібастұз қаласының тумасы болып шықты. Ол қылмысқа бармас бұрын араққа сылқия тойып алыпты.  

«Жедел басқару орталығынан хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген соң белгісіз ер адам ұсталды. Жедел-тергеу тобына тапсырылды», – деді қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Азат Зейнолов.