Талдықорғанда біріккен қылмыстық топ қоймадан қару-жарақ ұрлаған

01.06.2022 19:50

Қару-жарақ Талдықорған қаласы мен Сарқан ауданында сақтаған

Almaty.tv

Талдықорғанда біріккен қылмыстық топ қоймадан қару-жарақ ұрлаған. Аталған оқиға қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде болған. Қылмыскерлерден алынған заттардың жалпы құны 10 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның ішінде 2 Калашников автоматы мен 5 Макаров тапаншасы, сондай-ақ мыңдаған калибрлі оқ-дәрілер және үш пышақ тәркіленді. Ұсталған азаматтар қару-жарақты Талдықорған қаласы мен Сарқан ауданында сақтаған.

«Аталған күдіктілердің облыс аумағында ірі ұрлыққа қатысы бар еккендігі анықталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі және 287-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.