Полиция қызметкерімін: Алаяқтарға алданған зейнеткерден шағым түсті

04.07.2023 19:50

Зейнеткер алаяқтарға 4,5 миллион теңге көлемінде қаражат берген

dauletten.kz

«Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырды». Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасына зейнеткерлер шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлдекімдер аудан тұрғындарына хабарласып, өpін тәртіп сақшысымен деп, алдап-арбауға кіріскен. «Қызыңыз жол апатын жасады, тез арада мен айтқан мекенжайға ақша жеткізіңіз немесе біздің қызметкерлер арқылы беріп жіберіңіз» дейді екен. Нәтижесінде, зейнеткер алаяқтарға 4,5 миллион теңге көлемінде қаражатын берген. Дәл сол күні тағы бір тұрғын осындай арызбен шағымданыпты.

– Бұл жайт Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Арнайы іздестіру жұмысы нәтижесінде Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда оның сыбайластарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.