Елордада World Business Consulting қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

22.07.2022 19:51

Ұйым өз ісін қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық-аналитикалық компания ретінде көрсеткен

Almaty.tv

Елордада World Business Consulting қаржы пирамидасын құрғандар тергеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторинг агенттігі хабарлауынша, бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық-аналитикалық компания ретінде көрсеткен. Қазір іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«ҚМА-нің елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.