Қостанай облысында жалған доллар сатқан топ ұсталды

14.10.2022 19:51

Оңай олжаға қарық болып келгендер Рудный қаласында қолға түскен

Almaty.tv

Қостанай облысында ірі көлемде жалған доллар сатқан бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің дерегінше, оңай олжаға қарық болып келгендер Рудный қаласында қолға түскен. Тексеру кезінде олардың үйіне жасырған ақшалары табылды. Қолдан жасалған қаражат сомасы 28 мың АҚШ долларынан асады.

«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменттің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан 1 топ тұлғаны анықтады. Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.