Оның айтуынша, сотталушы әйелін үнемі бақылауында ұстап, қадағалап отырған
Үш жыл бойы Салтанат Нүкенованың көмекшісі болған Анар Тасова сотта куәлік етті. Жанында жүріп, жақын араласқан ол марқұмның Бишімбаевпен арақатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, сотталушы әйелін үнемі бақылауында ұстап, қадағалап отырған. Соңғы кездесуінде оның қатты қиналғанын да көрген. Мойын тұсы мен денесіндегі көгерген жарақатты байқаған. Анар Тасованың айтуынша, сол күні Салтанат ата-анасына барғысы келген.
– Сол күні Салтанаттың көңіл күйі жоқ болды. Мойнында қолдың, арқанның ізін байқадым. Денесінің сол жағы көгерген. Оның осындай күйін көріп, менің де көңіл күйім түсіп кетті. Арасында шығып кетіп, жылап алдым. Ол маған Қуандықтың жауыз екенін, құрбыларымен, апа-сіңлілерімен араластырмай қойғанын айтты, – деді С. Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова.
Бишімбаев ісі бойынша куәгерлерден жауап алу аяқталды. Ендігі сот отырысына ресейлік сарапшылар қатысуы мүмкін. Экс-министрдің қорғаушылары отырысқа мәскеулік мамандарды қатыстыруды сұрады. Адвокаттардың өтінішін судья қанағаттандырды. Олар тыңдалымға онлайн қосылады.Оқи отырыңыз: Қатты соққыдан кейін өлім аузында жатқан адам көмек сұрай алмайды - медициналық сарапшы