Психотроптық заттың салмағы 9 грамнан асады
Мектеп жанында аса ірі мөлшерде есірткі өткізген Семей тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция дерегінше, тәркіленген психотроптық заттың салмағы 9 грамнан асады. Анықталғандай, ұсталған азамат интернет-дүкеннің есірткі жеткізушісі болып жұмыс істеген. Бүгінде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деді Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Думан Үкіжанов.