Жетісу облысында 14 жастағы жасөспірімді зорлаған күдікті ұсталды

10.11.2023 23:54

Ол мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген

Сурет: elements.envato.com

Жетісу облысында 14 жастағы жасөспірімді зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

38 жастағы ер адам осыдан 3 күн бұрын аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді.  

Ресми мәлімет бойынша, ол Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде ұсталған. Күдікті мектептердің бірінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

– Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Іс бойынша тергеу  ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1 бөлігіне сәйкес жүргізілуде. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды, - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда әкесінен зорлық көрген қыз жүкті болып қалды