Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

15.11.2021 19:54

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды  Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болып, 5 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соның салдарынан 2 адам қаза тапқан. Ресми ақпарға сүйенсек, оқиға кеше кешке болыпты. Мамандар шұғыл тергеу тобының апат орнында сараптама жүргізуі нәтижесінде жолды жабуға тура келді дейді.  

«Теміртау қаласында Қарағанды – Нұр-Сұлтан бағытындағы тасжолда 5 көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Теги: Жол апаты