Жамбыл облысының тұрғынынан 60 келiге жуық марихуана тәркіленді

08.11.2022 19:55

Ол Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Меркі тұрғынынан 60 келiге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында Меркі ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің шатырында жалпы салмағы 57 келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қапшығы табылып, тәркіленді. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Ол Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.