Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды – Антикор

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Тергеу жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды Almaty.tv Антикордың Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», - деп жазды ведомство.

Агенттік хабарлауынша, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Новости партнеров