Ақтөбеде шақалақты көшеге тастап кеткен әйел табылды

21.12.2022 19:56

Келіншек тәртіп сақшыларының жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде анықталды

pixabay

Ақтөбеде жаңа туған шақалақты қағаз қораптың ішіне салып, көшеге тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Келіншек тәртіп сақшыларының жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде анықталды. Ол Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Еске салсақ, 2 күн бұрын көп қабатты үйдің жанынан сәбидің өлі денесі табылғаны жөнінде полицияға хабар түскен еді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. 

"Оның айтуы бойынша ол жаңағы баланы өлі туғаннан кейін далаға тастап кеткендігін түсіндірген. Аталмыш азаматшаның кәмілеттік жасқа толмаған екі баласы бары анықталды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.