2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және 4 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды
Алматыда квадроциклдегі балаларды қағып кеткен жүргізуші сотталды. Автокөлік иесі Арыстанов есімді азамат сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және 4 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол-көлік оқиғасы 2020 жылы 25 шілдеде Алатау ықшамауданында болған еді. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал-Алатау» тас жолы бойымен батыс бағытта келе жатқанда жол қозғалысы Ережесінің талаптарын бұзып, қарама-қарсы жолақтағы төрт дөңгелекті квадроциклді соққан. Нәтижесінде, мото құралын басқарған 16 жасар жасөспірім ауруханада көз жұмып, 4 жастағы қыз ауыр жарақат алған болатын.