Ол рөлге ие бола алмай қалған
Ақтөбенің Байғанин ауданында мотоцикл аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Байғанин ауданының 49 жастағы тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Урал» маркалы мотоциклімен Оймауыт ауылына бағыт алған. Сол кезде рөлге ие бола алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Оймауыт ауылының медициналық амбулаториясына жеткізілген, кейін сол ауруханада көз жұмды.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.