Олардан балық аулауға арналған ау мен 2 дана ескек және қайық тәркіленді
Түркістан облысында 600 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жергілікті тәртіп сақшылары Шардара су қоймасында тексеріс жүргізіп, 3 адамды қолға түсірген. Олардан балық аулауға арналған ау мен 2 дана ескек және қайық тәркіленді. Ұсталған күдіктілердің үшеуі де Түркістан облысының тұрғындары екені белгілі болды.
«Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деді Полиция департаменті Табиғатты қорғау тобының инспекторы Талғат Жаппаров.