Қазақстанда жасырынған қос азамат ұрлық жасады деген күдікке ілінген
Түркістан облысында теріс діни ағымның жақтастары ұсталды. Қолға түскен 2 адам – 2 жылдан бері халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматы, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар өз елінде алаяқтық пен ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Қазақстанда жасырынған қос азаматтың бірі Отырарда, екіншісі Сайрам ауданында қолға түсті. Тексеру кезінде олардың деструктивті діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұрғаны анықталды.
– Жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында Түркістан облысының аумағында, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарымен, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның қолдаушылары ретінде танылған Өзбекстанның 2 азаматы анықталып, қазіргі таңда оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылдануда, – деді Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мақсат Тәңірбергенов.
Оқи отырыңызыдар: Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды