ҰҚК ірі есірткі тобының қызметін тоқтатты

пресс-служба КНБ РК
пресс-служба КНБ РК
Шымкент және Қонаев қаласында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған.

Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қаласында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды.

Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.

Өлімге әкелетін тауарды Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қаласында тарату көзделген.

Есірткінің бизнесіне қарсы іс-қимыл жалғасуда.

Новости партнеров