Жетісу облысында жасөспірім екі адамды пышақтаған

14.02.2023 00:41

Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Pixabay

Жетісу облысында жасөспірім екі адамды пышақтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан 17 және 18 жастағы жергілікті тұрғын бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты. Алайда біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Адам шошырлық жағдай осыдан 3 күн бұрын Көксу ауданы Балпық би ауылында болған.

«Жәбірленушілерді 17 жасар танысы жарақаттағаны анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 24 және 99-бабына сәйкес жүргізіледі», – деді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Темірханова.