Тергеу бақылауда
Астанада көлік қағып кеткен 6 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
16 маусымда Қордай көшесінде «Нива» көлігі Фатима Давлетярова есімді 6 жасар қызды қағып, үстінен екі рет жүріп өткен.
Марқұмның ағасының айтуынша, полиция осы күнге дейін қылмыстық іс қозғамаған, тіпті жүргізуші де ұсталмаған, деп жазады kriminal_kazakhstan Telegram арнасы.
«Осы факті бойынша ПД Анықтау басқармасымен ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның шеңберінде бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Тергеу бақылауда», - деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінен.