Қарағандыда бұрынғы полиция қызметкері өзіне қол салған

Almaty.tv
Almaty.tv

Ол соңғы бірнеше жылда бес баланы өзі тәрбиелеп келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда бұрынғы полиция қызметкері үйінің ауласында өзін-өзі атып өлтірді. Марқұм 5 баланың әкесі. Жантүршігерлік оқиға 2 күн бұрын болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ер адам балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып тастап, үйіне келген. Марқұм полицейдің есімі – Самат Құсайынов. Ол – ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында, сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде қызмет еткен зейнеткер. Аталған азамат соңғы бірнеше жылда бес баланы өзі тәрбиелеп келген. Әйелі экономикалық қылмыс жасағаны үшін колонияда жазасын өтеп жатыр.

–10 маусымда Қарағанды қаласындағы үйдің ауласында өзіне тіркелген қарумен  өз-өзіне қол салған. 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Қала аудандарының бірінде қонақүй өртке оранды

Новости партнеров