Жедел іздестіру барысында күдіктінің жергілікті тұрғын екені анықталып, қамауға алынды
Түркістан облысында әйел адам 49 миллион теңгеге алтын алып, сатушыны алдап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол Жетісай қаласындағы базарлардың бірінен 3 ай бойына ірі көлемдегі әшекей бұйымдарды көтерме бағада сатып алып жүрген. Әбден сенімге кіріп алып, сатушымен ауызша келісім жасасқан соң әйел соңғы алған алтындардың жарты ақшасын бермей қойған. Жедел іздестіру барысында күдіктінің жергілікті тұрғын екені анықталып, қамауға алынды.
Ал тәртіп сақшылары оңай пайданы көздеген алаяқтардың арбауына түспей, күмәнді ұсыныс айтатындарға мүлде сенбеу қажеттігін ескертеді.
«Қазіргі таңда аталған әйел адамның арызы бойынша Жетісай аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді Жетісай аудандық ПБ тергеу бөлімінің қызметкері Рахматулла Анит.