Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Петропавлда заңсыз алкоголь өнімі жасалатын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі.
Ол туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Ведомствоның мәліметінше, күдікті қала орталығындағы гараж кооперативтерінің бірінде әрі лас жерде жалған ішімдік дайындап, оны халыққа өткізіп отырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Тінту кезінде жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, қақпақтар, хош иістендіргіш концентрат пен суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.