Мүмкіндігі шектеулі жандар мен күтімді қажет ететін қарттарға берілген ақшаны жымқырған. Ұлытау облысында әлеуметтік орталықтың бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол мемлекеттен бөлінетін зейнетақы мен жәрдемақыны қалтасына басып отырған. Мемлекетке 32 миллион теңге шығын келтірген. Одан бөлек 29 адамға мүгедектігі туралы жалған құжат жасатып, ай сайынғы берілетін ақшаны жымқырып келген. Сот шешіміне сәйкес, әлеуметтік орталықтың бұрынғы директоры 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді.
– Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап мемлекетке және қарттарға 44 млн шығынды толығымен өтеген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды құқығынан айыра отырып 3 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Еліміздің 8 өңірінде аса ауыр қылмысқа қатысы бар 23 адам ұсталды