Қостанай облысында күдікті ер адам әйелдің басын кесіп алған

27.07.2024 20:27

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

elements.envato.com

Қостанай облысының Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінде мойны кесілген әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қанды оқиға 20 шілде күні болыпты. Марқұмның жанында күйеуі болған. Айтуынша, әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артынан және бетінен пышақ жарақатын алған.

«Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Атырауда жүк көлігі өртеніп кетті