Күдікті қамауға алынды
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары қаңтар оқиғасынан кейін тексерісті күшейтіп, Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан оптикалық көздеуіш пен аңшылық құралдарды тапқан. Соның нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы 8 мылтық тәркіленді. Азамат осы уақытқа дейін олжасын үйіндегілерге көрсетпей, жасырып келген. Күдікті қамауға алынды.
«Саин көшесімен төмен түсіп бара жатып, дүкен ішіне кіріп жатқан жұртты көрдім де, мен де кірдім» - дейді күдікті.