Видеода бұзақының түрі айқын көрінеді
Қарағандыда екі адам шағын несие ұйымының кеңсесіне басып кіріп, 120 мың теңге алып кетті. Медициналық маскадағы қарақшылардың бірі кассирге бензин шашып, өртеймін деп қорқытқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал бұл сәтте 28 жастағы жәбірленуші әйел кассадағы бар қаражатты берген. Видеода бұзақының түрі айқын көрінеді. Кеше сағат 16:00-де болған бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Айта кетейік, Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, күдіктілерді ұстау үшін жедел топ құрылған.