Ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған
Қостанайда бұрын әшкереленген қылмыстық топқа қатысты 17 қылмыстық іс тіркелді. Олардың былтырдан бері ет сату ісінде ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған әрекеттері тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарына сай, ұрлықтың сомасы 1 млрд 600 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған. Оның құрамына шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірді. Қазір ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекетіне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалығы анықталды.
– Топ мүшелерінің банк ұяшығында және есепшоттында шетел және ұлттық валютадағы жалпы сомасы 3 млн астам АҚШ доллары бар екені анықталды. Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 млн теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Балқашта 1 жасар бала терезеден құлады