Халыққа танымал вайнерлердің ісі әлі жалғасып жатыр

16.01.2023 20:19

Олар 12 желтоқсанда қаржы ұйымын құрды деген күдікке ілінген еді

ult.kz

Алматыда елге белгілі әзілкештер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы ұйымына қыруар қаражатын құйған халық өздерінің қалай алданып қалғанын кезек-кезек айтып жатыр. 

Мәселен, Айсұлу Тербекбаева үйін сатып 10 миллион теңгесін Астекс компаниясына құйған. Одан тек бір рет 800 мың теңге дивиденд көріпті. Сөзінше, ұйымға оны танысы ертіп апарған. Кейін баспанасынан айырылып, қаражаттан қысылған ана қаржы ұйымына көмек сұрап барған. Сонда 1 миллион теңге қаражат алдым дейді. Ал қалған ақшаны 2 жылдан бері өндіре алмай жүр. Егде жастағы кейуана өзін баспанасыз қалдырғандарға қатысты соттың әділ өтуін сұрайды.