Жетісайда мешіттегі садақа жәшігі тоналды

21.01.2024 20:37

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр

polisia.kz

Жетісай полицейлері садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдіктілерді, ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Аудандық полиция бөліміне садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы мешіт қызметкері шағым түсірген. Оның айтуынша түнгі уақытта белгісіз біреу қайыр садақа салынған мешіт алдындағы темір жәшікті бұзып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен.  Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Нәтижесінде күдікке ілінген 18 жастағы жұмыссыз екі жігіт анықталды. 

Тергеу барысында екі жігіт өзара сөз байласып, түнгі сағат 02:30 шамасында екі бірдей мешітке ұрлыққа түскен. Содан садақа жәшігін темір құралмен бұзып ашып, ішіндегі ақшаны жымқырған. Қолды еткен ақшаны екеуара бөліп алған. Қазіргі таңда күдікті жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті Грузиядан экстрадицияланды