Түркістанда қойма кассасынан 6 млн теңге жымқырған жігіт қамауға алынды

26.08.2022 20:21

Сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілізіп отыр

rudnyi-altai.kz

Түркістанда қойма кассасынан 6 млн теңге жымқырған жас жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақшаның ұрланғанын айтып Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары сол жерде жұмыс істейтін жүк тасушыны ұстаған. Белгілі болғандай, ол арам ойын жұмыс біткен соң, қоймада ешкім қалмағанда іске асырған. Қазір күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілізіп отыр.

«Хабарлама келіп түскен бойда, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп, куәлерден жауап алып, бейнебақылау камерасын қарап, нәтижесінде күдікті 2 тәулікте анықталды. Күдікті сол жерде бұрын жүк тасымалдаушы болып жұмыс жасаған», – деді Жетісай АПБ ЖПҚ бөлімше бастығының орынбасары Жомарт Гаппаров.