Оқиға күндізгі уақытта, аулада тұратын тұрғындардың көзінше өрбіген
Кісі өлтірген күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Павлодар қаласы Мүткенов көшесінің бойында жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы болды. Екі ер адам тұрғын үйлердің ауласында жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап өлтірген. Оқиға күндізгі уақытта, аулада тұратын тұрғындардың көзінше өрбіген.
«Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», - деп хабарлады Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ибраев.
Оқи отырыңыз: Атырауда әйеліне пышақ сұққан азамат іздестіріліп жатыр