Синтетикалық есірткінің дозасы салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған
Полиция қызметкерлері Алматының түнгі клубында есірткі сатушыны ұстады. Құқық қорғау органдарының әрекеті видеоға түсірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.
Синтетикалық есірткінің дозасы салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.